6033

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында автокөлік ойнатылады

«MEGA Silk Way» СОО «Астана Моторс» ҚМК және Нұр-Сұлтан әкімдігі бірлесіп «Вакцина ал — машина ұтып ал» акциясын бастайды. 23 маусым мен 31 тамыз аралығында «MEGA Silk Way» СОО-да COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қазақстандықтар «Астана Моторс» компаниясынан Hyundai Accent автокөлігін ұтып ала алады. Акцияның бас серіктесі — «Астана Моторс» ҚМК.

Финалдық ұтыс ойынын 5 қыркүйек күні «MEGA Silk Way» СОО Instagram арқылы тікелей эфирде өткізеді. Сонымен қатар, апта сайын 23 маусымнан 31 тамызға дейін аралық сыйлықтар ойнатылады — тұрмыстық техника, түрлі сертификаттар және тағы басқалар.

«Астана Моторс» автокөлігінің ұтыс ойынына 18 жастан асқан және 23 маусым мен 31 тамыз аралығында COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған қазақстандықтар қатыса алады.

Бұл акцияның мақсаты — Қазақстанда вакцинация қарқынын ынталандыру. Вакцина — COVID-19-дан қорғанудың жалғыз, тиімді жолы. Мұндай акциялар түрлі елдерде сәтті өтіп жатыр. Жақында Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль және т.б. үкіметтері вакцинацияланғандар арасында автокөлік ұтыс ойынын өткізуді қолға алған болатын.

«Вакцина ал — машина ұтып ал» акциясы туралы толық ақпаратты mega.kz сайтынан және MEGA-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

Бұдан басқа, "Азия Парк", "Mega Silk Way", "Сарыарқа", "Абу-Даби Плаза", "Керуен", "Еуразия" СОО-да тұрмыстық және компьютерлік техника түріндегі бағалы сыйлықтар ойнатылады, сол сияқты жеңілдік купондары беріледі. Сондай-ақ, бұл акцияға "Мечта" электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің сауда желісі қосылатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109