4674

Елордалық волонтерлер COVID-19-ға қарсы вакцина алды

Қалалық волонтерлер штабының еріктілері Abu Dhabi Plaza СОО-дағы вакцинация пунктіне барып, COVID-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Вакцинаны елорданың түрлі ұйымдарының өкілдері, ал негізінен қалалық волонтерлер штабының еріктілері алды. Көбінесе бұл — әлеуметтік қызметпен үнемі айналысатын 18-29 жас аралығындағы жастар. Олардың арасында азық-түлік себеттерін тасымалдау, жағдайы төмен жандарға атаулы көмек көрсету, экологиялық акциялар өткізу, «Біргеміз Қазақстан» жобаларына қатысу, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға, жалғыз басты қарттарға көмек көрсету.

«Айта кету керек, қалалық волонтерлік ұйымдарға қатысушылардың көпшілігі коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцина ең алдымен волонтерлерге қажет. Олар халықпен үнемі байланыста болады. Бүгінде елордада жалпы алғанда 60 мыңнан астам адам волонтерлік қызметпен айналысады. Бұл қала жастарының үштен бірі – қоғамдық қорлар, бастамашыл топтар, заңгерлер, педагогтар, іздеушілер, жануарларды қорғаушылар және т.б. Біз сауал жолдағанда олардың көбі вакцинацияланғаны анықталды. Біз әріптестеріміздің бәрін вакцина алуға үгіттейміз. Вакцинаны әлі алмаған еріктілерге өзімізді мысал етеміз. Бұл ең бірінші кезекте олардың қауіпсіздігі, өз денсаулығын және өзгелердің денсаулығын қорғау үшін қажет», — деді қалалық еріктілер штабының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.

Еріктілер халықты вакцинациялау — пандемияны еңсерудің және қалыпты жағдайға оралудың бірден-бір тиімді тәсілі екеніне сенімді. Сол сияқты КВИ-ге қарсы вакцина алу арқылы өз денсаулығын ғана емес өзгелерін де қауіптен қорғайды деген ойда.

«Мен қалалық штабтың еріктісімін, жалғызбасты аналарға, қарттарға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жиі барамын. Бүгін өзімді және айналамдағы адамдарды қорғау үшін вакцина алдым», — дейді Аделя Бекарыстанова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109