1638

Автокөлік, пәтер кілттері және сыйақы: Алтай Көлгінов полицейлерді құттықтады

Бүгін – Қазақстан полициясы күні. Кәсіби мереке күнінде елорда әкімі Алтай Көлгінов елордалық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Нұр-Сұлтан қаласы ПД қызметтік автокөліктер паркі «Hyundai Elantra» және «Hyundai Tucson» маркалы отандық өндірістің 30 автокөлігімен толықты. Жыл соңына дейін тағы 11 автокөлік тапсырылады. Мәселен, өткен жылы ғана елордалық полиция автопаркі тағы 65 автокөлікпен толыққан болатын. Қызметтік автокөліктер патрульдік полиция полкіне, мамандандырылған батальонға және учаскелік полиция инспекторына берілді. Мұндай шаралар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысында жылдамдықты арттыруға мүмкіндік береді. Елордалық полиция департаментінің қызметтік автокөліктер паркін жаңарту тәртіп сақшыларының жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізеді. Бұл мемлекет қабылдайтын ауқымды шаралар кешенінің бір бөлігі ғана.

«Құрметті полиция қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге қала тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін, көшелердегі тәртіпті қамтамасыз ету секілді үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бүгінге дейін мыңдаған адамның өмірін қауіптен арашалап қалдыңыздар!
Пандемия кезінде де алдыңғы шепте еңбек еттіңіздер: күзет бекеттерінде кезекшілікте болып, қаланың үздіксіз жұмысын қамтамасыз еттіңіздер. Мониторингтік топтардың құрамында болып, санитарлық талаптардың бұзылуының алдын алып, коронавирустың таралмауына баға жетпес үлес қосып келесіздер.

Ел басшылығының тапсырмасы бойынша сіздерге қолайлы жағдайлар жасау үшін жұмыс істейміз: Бірінші. Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру. Бүгін автопарк тағы 30 автокөлікпен толықты. Жыл соңына дейін қосымша 11 бірлік арнайы техника жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Былтыр осындай 65 көлік бөлінген болатын.

Екінші. Сервистік модельге көшу

Халықпен жұмыстың сервистік моделін енгізу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Осы жоба аясында қала аудандары мен тұрғын үй массивтерінде 16 заманауи модульдік полиция бекетін орнатамыз. Бұдан бөлек, Есіл ауданы полиция басқармасының жаңа әкімшілік ғимараты ашылған болатын. Сонымен қатар биыл учаскелік полиция пункттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Үшінші. Тұрғын үй мәселесі, сыйақы

Қазақстандық тұрғын үй компаниясы (ҚИК) желісі бойынша қатысушылар санаты кеңейтілді – оған медицина қызметкерлерінен, мұғалімдерден, әлеуметтік қызметкерлерден, мәдениет және спорт қайраткерлерінен бөлек полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері енді. Бұл жаңалық өткен жылдан бастап іске қосылды. Биыл 100 пәтер беріледі. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кезекке сәйкес өзге де тұрғын үй бағдарламалары бойынша баспаналы болады. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына сыйақы да қарастырылған», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов қала әкімдігіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдіріп, жыл сайын елордалық полицияның материалдық-техникалық базасы жақсарып, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешіліп жатқанын атап өтті.

«Жаңа техника қылмысқа және қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы күресте полиция жұмысының жеделдігін, үйлесімділігін және тиімділігін арттырып, азаматтардың өтініштеріне уақтылы ден қоюға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты жүзеге асып жатыр. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаев 2021 жылды «құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» деп жариялады. Құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету біз үшін басты міндет болып саналады», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Ержан Сәденов.

Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және ерекше көзге түскен полиция қызметкерлеріне жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін елорда әкімі Алтай Көлгінов алғыс хаттар табыс етті. Олардың арасында Жедел-криминалистикалық бөлім бастығының орынбасары полиция подполковнигі О. Кузьменко, учаскелік полиция инспекторы капитан А. Бақтыбаев, мамандандырылған батальон инспекторлары аға лейтенанттар – Р. Жұмабаев және С. Ким және т. б. бар.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109