1410

Елордада барға келушілерге кальян ұсынылды және маска режимі сақталмады

Елорданың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин режимін бұзушыларды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген форматта жұмысын жалғастыруда. Күн сайын санитарлық дәрігердің қаулысын елемей, қауіпті вирус жұқтыру қаупін тудыратын мекемелер анықталып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 22 маусымда қаланың 5 мекемесі карантинді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен, Есіл ауданында орналасқан «Панаехали» барының қызметкерлері маска режимін елемегені анықталды. Аталмыш мекеме қазіргі эпидемиологиялық жағдайда қатаң тыйым салынған кальян шегу қызметін ұсынған.

Байқоңыр ауданында карантин режимін «BASE» ойын клубы бұзды. Осыған ұқсас бұзушылықтарға Алматы ауданында орналасқан «Панаехали» бары мен "DOSTAR" PS клубы жол берді.

Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істеген "RR" PS Club-ты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Еске сала кетейік, елорда эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Сонымен қатар, науқастар арасында үнді штаммы бар коронавирус түрі анықталды. Ол жылдам таралып, иммунды жүйенің айтарлықтай бұзылуына жеткізеді. Осындай жағдайға байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарына санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтау ұсынылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109