1723

Бірінші сынып оқушылары алғашқы сабақтарын Конституция күніне арнайды

29 тамызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде Конституция күніне арналған мереке сабақ өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады.


29 тамызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде Конституция күніне арналған мереке сабақ өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады. 

Биыл Білім күнін Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің табалдырығын алғаш аттайтын 30 бала бірінші болып атап өтеді. Кішкентай астаналықтар алғашқы сабақтарын Конституция күніне арнайды, еліміздің бас құжатында жазылған құқықтармен және міндеттермен танысады. Балаларға арналған мереке 40 минуттық сабақ түрінде өтеді. Бірақ математика мен әдебиеттің орнына олар білім еліне қызықты саяхат жасайды, мемлекеттің негізгі заңының шығу тарихымен танысады, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Конституция жобасын жасаудағы рөлі туралы білетін болады. 

Балдырғандар музейде Қазақстанның тәуелсіздігінің тарихымен танысады. Ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушылардың барлығына бірінші сабақтан естелік ретінде сыйлықтар мен кәдесыйлар таратады.  

Еске салайық, 30 тамызда мемлекеттік мереке - еліміздің Ата заңының, ұлттық дамуымыздың негізіне айналған ерекше тарихи маңызы бар құжаттың 18 жылдығы атап өтіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109