1499

Нұр-Сұлтанда Олимпиада күніне орай урбан-спорт мерекелік фестивалі өтті

Елордалық Триатлон паркте Халықаралық Олимпиада күніне орай спорттық жарыстар мен ойындар өтті. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті олимпиадалық құндылықтарға маусым айынын тұтастай арнады. Бұл ай халықаралық және Қазақстан олимпиадалық қозғалысының «Біз біргеміз! Тезірек, биігірек, мықтырақ – бірге» ұраны бойынша өткізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан Триатлон паркінде халықаралық Олимпиада күніне орай урбан-спорт фестивалі өтті. Оның бағдарламасында 3х3 баскетбол, стритбол, стрит-воркаутерлер мен каноэшілер және текбол бәсекесі болды. Бұл салыстырмалы түрде спорттың жаңа түрі, футбол мен үстел теннисінің гибриді саналады. Текболды ойлап шығарған команда жаңа спорт түрін олимпада бағдарламасына енгізуге тырысуда. Одан бөлек, елорданың ең жас тұрғындарына арнап Токио-2020 Олимпиадасының жолдамасын ұтып алған ұлттық құрама мүшелері Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова шеберлік сабағын өткізді.

Айта кетейік, биыл елордада 700-ге жуық спорттық және дене шынықтыру іс-шарасы өткізіледі. Қалада 30 мың орынға арналған «Астана Арена» стадионынан бастап шағын көше алаңдарына дейінгі 800-ге жуық спорт нысаны бар. Қосымша спортпен айналысу қадамдық қашықта қолжетімді.

Қазақстан келесі жылы Олимпиада қозғалысына қатысқанына 30 жыл толғанын атап өтеді. Тәуелсіздік жылдарында спортшыларымыз 6 жазғы және 7 қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, 77 олимпиадалық медаль, оның ішінде 16 алтын медаль жеңіп алды.

«Баршаңызды халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймын! Бұл қозғалысқа көптеген елдердің қатысатыны жақсы. Олимпиадалық көңіл-күй бүкіл жаз бойы сезіліп тұрса екен деймін, себебі, спортшылар Токиға аттанып барады. Біз, яғни олимпиадашылар, барша қазақстандықтарды спортшыларды қолдауға шақырамыз. Олимпиадада сіздердің қолдауларыңыз бізге аса қажет», - деді Рио Олимпиадасының жүлдегері Василий Левит.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109