1911

Тазалық сақтаңыз: Сарыбұлақ өзенінің жағасында тазалық жұмысы жүргізілді

Жаз мезгілі, әсіресе демалыс уақыты басталысымен елорда тұрғындары табиғат аясында демалуға жиі шығады. Алайда өкініштісі мұндай демалыстан соң өзен жағасы, ашық тұстар ластанып, қоқыстанып жатады. Сарыбұлақ өзенінің жағасында жиналған қоқыс осы сөзімізге дәлел, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «ЖасНұр» кәсіпорнымен бірлесіп, Қарасай батыр көшесінен Сарыбұлақ өзенінің жағасына дейінгі аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тазалық жұмысы барысында 7 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Қоқыстың негізгі бөлігі тұрмыстық қалдықтар мен полимерлерден тұрады. Полимерлерге пластик, пластик пакеттер, бөтелкелер, тамақ контейнерлері, торт қағазы және т.б. жатады.

Полимердің қоршаған ортаға және адамдарға тигізетін зияны аз емес. Ол ең алдымен өздігінен ыдырамайды, улы зат бөліп шығарады. Осы арқылы тірі ағзаға зиян келтіреді. Полимердің жануы тіптен зиян. Олардың құрамында 70-тен астам жоғары уытты және канцерогенді заттар бар.

Бұл жұмыстың маңыздылығы – су беті мен оның аумағын қоқыстан тазарту ғана емес, сондай-ақ экология мен қоршаған ортаны сақтау бойынша жүргізіліп жатқан амалдың бір бөлігі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын табиғат аясында демалысқа шыққанда тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоқыс қалдырмауға, қатты тұрмыстық қалдықтарды тек қоқыс контейнерлеріне немесе қоқыс жәшіктеріне тастауға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109