1407

Нұр-Сұлтанда 91 жастағы әже коронавирустан емделіп шықты

Елорданың 91 жастағы тұрғыны Ирина Хлебникова маусым айының басында «коронавирус» диагнозымен №3 көпбейінді қалалық ауруханаға шұғыл жатқызылған болатын. Ұзақ емделіп, қалпына келген соң әжей аяғынан тұрып, үйіне қайтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ирина Хлебникованың туыстары 8 маусым күні мойын ауруына байланысты учаскелік дәрігерді шақырған еді. Алдымен олар әжейдің остеохондрозы бар деп ойлаған. Бірақ көп ұзамай безгегі ұстап, жөтел қысып, артынша буындары ауырған.

Жедел жәрдем бригадасы коронавирусқа талдау жасап, ол оң нәтиже көрсеткен. Осыдан кейін Ирина Хлебникова шұғыл түрде №3 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды.

«Ауруханада алынған анализ нәтижесі өте нашар болды. Мен өзім реаниматолог ретінде әжемнің ағзасында қандай өзгерістер болып жатқанын түсіндім. Әжем ауруханада ұзақ уақыт бойы оттегі арқылы емделді. Егде жасына байланысты созылмалы аурулары да болды», - дейді науқастың немересі Инесса Хлебникова.

Жалпы хирургия бөлімінің дәрігері Виталий Калиннің айтуынша, стационар дәрігерлері егде жастағы науқасты емдеу үшін мүмкін болғанның бәрін жасаған.

«Емдеу жолын белгілеу үшін түрлі сала мамандары жұмылдырылды. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында мақсатымызға жеттік. Әжей тірі, дені сау, қазір үйінде», — деп атап өтті дәрігер.

Өз кезегінде әже бригаданың фельдшерлерінен бастап аурухана әкімшілігіне дейін атсалысқандардың бәріне алғысын білдірді.

Айта кету керек, стационар дәрігерлері қала тұрғындарын жаппай вакцинацияға қатысуға шақырады. Бұл КВИ-ден қорғанудың жалғыз және тиімді әдісі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109