1346

Елорданың коммуналдық қызметкерлері Есіл өзенін балдырлар мен өсімдіктен қалай тазартады?

Жаз мезгілі басталысымен су беті мен айналасына түрлі өсімдіктер өсе бастайды. Елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Жаснұр» кәсіпорнымен бірлесіп су бетін балдыр секілді түрлі өсімдіктерден тазарту жұмысын жүргізуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Су бетін өсімдіктерден және басқа қоқыстардан тазарту шөп шапқыш қайық арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс өзен арналарының экожүйесін жақсартуға, өсімдіктердің тез өсуіне жол бермей, су аумағын тазарту үшін жүргізіледі.

Мысалы, Сарыбұлақ суының ағысы баяу болғандықтан беті жылдам балдырланып кетеді. Салдарынан су беті жасыл түске өзгереді. Балдыр – төменгі сатыдағы су өсімдіктері, теңіз, көл, өзендерде және су қоймаларындарда өседі. Ол арнайы тор арқылы механикалық жолмен ғана тазаланады.

Есіл өзенінің кейбір тұстарында су лалагүлдері өседі. Олар түрлеріне байланысты маусым айының басынан қазан айының соңына дейін гүлдейді. Су лалагүлдерінде түйнек түріндегі тамыр жүйесі бар. Олардың тамыры ұзын болып келеді, сол себепті гүлді берік ұстайды. Мұндай өсімдіктерді жою үшін шөп шапқыш қайық қолданылады.

«Су қоймаларын қамыстан, балдырлардан және басқа да өсімдіктерден тазарту жұмысы флоралардың тиісті мөлшерден асып, негізгі биологиялық көрсеткіштердің төмендеуі себепті жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Сарапшылардың айтуынша, табиғи су қоймасы үйлестірілген экожүйе болып саналады. Оның аясында табиғат өзін-өзі тазартып, қалпына келеді. Алайда, бұл тепе-теңдік үнемі бұзылып, су қоймалары табиғи немесе жасанды себептермен ластанады:

* биогенді шөгінділердің жиналуы нәтижесінде, соның ішінде су тасқыны, жауын-шашын, жапырақтар түсуі, су өсімдіктерінің өлуі кезінде;
* адамнан қалған қоқыстың нәтижесінде.

Бұл жұмыстар күзге дейін жалғасады. Себебі бұл уақытқа дейін су бетінде қажетсіз өсімдіктер көп өседі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109