2040

Астанада 12 жылдық білім беруге көшу бойынша 10 жылдық тәжірибенің қорытындысы шығарылды

2015 жылдан бастап Қазақстанда мектептер 12 жылдық білім беруге көшеді. Бұл туралы бүгін елордалық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында 54 мектеп-лицейде өткен «Астана мектептерінде 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесі» секциясының отырысында белгілі болды.

2015 жылдан бастап Қазақстанда мектептер 12 жылдық білім беруге көшеді. Бұл туралы бүгін елордалық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында 54 мектеп-лицейде өткен «Астана мектептерінде 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесі» секциясының отырысында белгілі болды. 

«12 жылдық білім беруге көшу жағдайында әдістемелік қызметтердің жұмысын жобалау» тақырыбындағы секция 12 жылдық білім беруге көшу кезінде жүргізілген 10 жылдық эксперименттік жұмыстардың қорытындысын шығаруға арналған.

«Астана да басқа қалалар секілді тәжірибеге қатысады. Биыл қаладағы 8 мектептің 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесіне қатысқанына 10 жыл болды, ал 2015 жылдан бастап, балалар бірінші сыныпқа 6 жасынан баратын болады», - деп хабарлады astana.kz сайтына «12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығының» директоры Бақыт Түлкібаева.

Отырыс барысында 12 жылдық білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларын оқыту ерекшеліктері, мұғалімдердің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасының негіздері мен міндеттері, 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мектептерде үйлестіру кеңесін құру, эксперименттік сыныптардағы оқу-танымдық қызметті жандандыру және т.б. мәселелер қаралды. Секция аясында «Астана мектептерінде 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесі» көрмесі ұйымдастырылды, «Кәсіби білім беру: ересек өмірге қадам» баспа өнімдері және елордалық білім жүйесі туралы фильм көрсетілді. Бұдан басқа, №5 гимназияның 7-ші сынып оқушылары - «Табиғи-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқу» пилоттық жобасына қатысушылар физикадан зерттеу жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды.

Секция жұмысына Қазақстанның өңірлерінен келген білім қызметкерлері қатысты. 

Еске салайық, 2003 жылдан бастап Астанада 8 мектепте (№ 18, 38, « Көгілдір желкен», №3, 4, 35, 16, 32) 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесі қолға алынды. Тәжірибеге 123 оқушы қатысады, аталған мектептерде 147 мұғалім сабақ береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109