2172

Астанада 1 қыркүйекте табиғи-математикалық бейіндегі мектеп ашылады

Астанада жаңа оқу жылында табиғи-математикалық бейіндегі жаңа мектеп есігін айқара ашады. Бұл туралы astana.kz сайтына Білім басқармасынан хабарлады.

Астанада жаңа оқу жылында табиғи-математикалық бейіндегі жаңа мектеп есігін айқара ашады. Бұл туралы astana.kz сайтына Білім басқармасынан хабарлады. 

№71 мектеп-лицей жобаланып жатқан «Батығай» тұрғын үй кешенінің аумағында «Жағалау» шағын ауданында орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы - 12 700 шаршы метр, 4 га аумақты алып жатыр. 

«Оқу орнының аумағында балаларға арналған ойын алаңы, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, сондай-ақ, биологиядан тәжірибелік сабақтар өткізетін алаң бар. Бұдан басқа, мектепте химия, биология, физика пәндерінен 2 зертхана және 4 лингафон кабинеті, 2 мультимедиялық кабинет, спорт залы, тренажер және акт залдары, кітапхана болады», - деп хабарлады astana.kz сайтына ведомстводан.

Оқушылар арасында бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін мектепке дейінгі дайындық топтары құрылып, логика, шахмат, тоғызқұмалақтан қосымша сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, вокал, домбыра, сурет салу және би үйірмелері ашылады. 1-ші сыныптан бастап ағылшын тілі, 5-ші сыныпта қызықты математика, 7-ші сыныпта техникалық физика, биология мен химиядан қосымша сабақтар енгізіледі. Мектеп-лицейде қазақша күрес, дзюдо, волейбол, баскетбол, футбол сынды спорт түрлерінен секциялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Астанада мектеп хоккей лигасын құруға бастамашы болатын жасөспірімдердің хоккей клубы құрылады. Оқушы жастарды патриоттық тәрбиелеуге арналған мемлекеттік бағдарламаны тиімді жүзеге асыру және оларды Қарулы күштердің қатарында қызмет етуге дайындау мақсатында 2013-2014 жж оқу жылынан бастап әскери-патриоттық клуб және кадеттер сыныбы ашылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109