1729

Елорда тұрғындарына арнап демалыс күндері қандай мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады?

Осы демалыс күндері елорданың мәдени мекемелері қала тұрғындары мен қонақтары үшін көрмелер, қойылымдар, экскурсиялар, концерттер секілді ауқымды іс-шаралар дайындап отыр. Олардың басым бөлігін онлайн режимде көруге болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қуыршақ театры көрермендерді қазақ халқының «Ер Төстік» ертегісінің желісі бойынша өтетін қойылымға шақырады. Қойылым 26, 27 маусым күндері сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де өтеді.

Сәкен Сейфуллин мұражайы бір апта бойы өзінің Instagram парақшасында қазақ жазушысының өмірі туралы танымдық ақпараттар жариялайды. Олардың арасында «Сәкентанушы тұлғалар» айдарынан зерттеу, С.Сефуллиннің «Тау ішінде» әнінің тарихы туралы бейнеролик,«Сәкен және Алаш» мақаласы, «Тар жол, тайғақ кешу» романы туралы қызықты ақпараттар, сондай-ақ мұражай бойынша бейнеэкскурсия бар.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры бүгін, яғни 26 маусым сағат 18:00-де «Гоголь.Петербург» премьерасын қояды.

Бейбітшілік және келісім сарайының Атриум залында бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық фотокөрме өтеді.

Тәуелсіздік сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Нұр-Сұлтан бейнелері» атты көркем көрме, «Елордаға арналған сыйлықтар» кәдесыйларының экспозициясы ашылды.

Сонымен қатар, демалыс күндері «Demalys promenade» аллеясында отбасылық демалысты қызықты және көңілді өткізуге болады. Бүгін мұнда фитнес жаттығулары өткізіледі. Ал ертең йога, зумба, латынамерикалық би, стритбол жаттығуларына қатыса аласыз.

Бүгін және ертең сағат 12.00-13.30 аралығында Аффари аумағында Бейбітшілік және келісім сарайы мен «Жастар» сарайының балалар ұжымдары өнер көрсетеді. Art space аймағында Татар мәдени орталығы Сабантой мерекесін өткізеді.

«Жастар» театры 26 маусым күні сағат 20:00-де С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концерттік бағдарламасын қояды.

Демалыс күндері аллеяда дәстүрлі жәрмеңкелер, кітап көрмелері, сондай-ақ балаларға арналған түрлі интерактивтер өткізіледі.

Айта кету керек, офлайн форматта ұйымдастырылатын іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109