1816

Елордада 27 маусымнан бастап СОО-лар, кафелер, мейрамханалар қалай жұмыс істейді

Елордада карантиндік шектеулерді қатаңдату туралы жаңа қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының сауда ойын-сауық орталықтарының, дәмханалар мен мейрамханалардың 27 маусымнан бастап сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы 2021 жылғы 22 маусым күні Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде қабылданды.

Сонымен, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс кестесі өзгертілді.

СОО-лар ертеңнен бастап COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттері орналасқанына қарамастан дүйсенбі-жұма күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Сауда-ойын сауық орталығында орналасқан азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларға, шағын маркеттерге, супермаркеттер мен гипермаркеттерге бұл шектеу қолданылмайды.

Фудкорттардың жұмысы тамақты өзімен бірге алып кету немесе жеткізу тәртібі бойынша жұмыс істейді. Бұл «Ashyq» жобасына қатысатын фудкорттарға қолданылмайды. Ал түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, офлайн форматтағы ұтыс ойындарын өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ қаладағы дәмханалар мен мейрамханалардың да жұмыс уақыты қысқартылатын болады.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде) қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды қамтамасыз етуі керек. Осы жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастырылуы тиіс», — делінген қаулыда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109