1617

Елорданың спорт ұйымдарының қызметкерлері мен спортшылар ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы тестілерін тапсырады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының тестілерін тапсыру басталды. Оған елордалық спортшылар, елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасының және қалалық спорт ұйымдарының қызметкерлері қатысуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов қатысты.

«Президенттік тестілер Қазақстанда ұзақ жылдар бойы өткізіліп келеді. Олардың басты мақсаты – ұлт денсаулығы. Бұл тесттерге жеті жасар баладан бастап, аға буынға дейінгі түрлі жастағы азаматтар қатыса алады. Бұл іс-шара көптеген қатысушылардың басын қосты. Әрі қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуде», — деді Ерлан Қожағапанов.

Президенттік тестке қатысушылардың арасында атақты спортшылар да бар. Олардың бірі – джиу-джитсудан Азияның екі дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы және әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Галина Дуванова.

«Алғаш рет қатысып отырмын. Шақырылғандардың қатарында болғаныма өте қуаныштымын. Бұл спорттың барлық түрінен күш сынауға берілген тамаша мүмкіндік. Мұндай іс-шаралар өте маңызды, өйткені спорт — денсаулық, сергектік, денені шынықтыру. Пандемия кезінде спорттың рөлі артты, аурумен күресте дене шынықтыру үлкен маңызға ие. Мен джиу-джитсумен айналысқаныма алты жыл болды. Спортта жетістікке жету дегеніміз — көп күш салу, залда бірнеше сағаттық жаттығулар өткізу», — дейді ол.

Президенттік сынаққа қатысушылар 7 жас санаты бойынша жарысты: 18-23 жас, 24-31 жас, 32-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60-69 жас, 70 жас және одан жоғары. Тест спорттың 7 түрінен өткізіледі: жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, белтемірге тартылу, кеудені жатып көтеру, граната лақтыру, ату және 5 метрлік шағын ұңғылық (пневматикалық) винтовкадан жүзу. Президенттік және ұлттық деңгейде дене шынықтыру даярлығы нормативтерін орындаған қатысушылар төсбелгімен және арнайы үлгідегі куәліктермен марапатталады, деп атап өтті ұйымдастырушылар. Жазғы спорт түрлері бойынша Президенттік сынақтарды тапсыру тамыз айында аяқталады.

Іс-шараның мақсаты — өңірлерде және Қазақстанның спорт клубтарында Президенттік тестілеуді дамыту және танымал ету, дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, Президенттік сынақтарды, халықтың дене даярлығын және салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спорт ұйымдарына президенттік сынақтарды енгізу, халықтың дене даярлығын дамыту жөніндегі жұмысын қорытындылау.

Президенттік тестілердің ұйымдастырушылары — Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы».

Іс-шаралар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109