1467

Нұр-Сұлтанда қызыл статусы бар азамат қоғамдық орынға барғаны үшін жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан қаласында «қызыл» статусы бар қала тұрғынына қоғамдық тамақтану орнына барғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқоңыр ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары оқшаулау режимін бұзғаны үшін қала тұрғынын ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тиісінше оған 87 510 теңге (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. 

Осы жылдың 5 сәуірінен бастап Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандары арқылы үй карантинін бұзған 4 039 келуші анықталды. Оның ішінде 1 888 адам «қызыл» статусқа (коронавируспен ауыратын), 2151 адам «сары» статусқа (науқаспен жақын байланыста болған) ие. Сол сияқты, 11-27 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 келуші (жұқтырғандар, яғни «қызыл» статусы бар – 247 келуші, жақын байланыста болған, «сары» статусы бар – 244 келуші) анықталды.

Департамент тәртіп бұзушылардың үй карантинінде болу уақытын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Аумақтық басқармалар санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы 23 қаулы тапсырды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарлама берді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ПТР-тесті оң және «сары» статусы бар елорда тұрғындары 14 күндік үй карантинін сақтау керектігін еске салады. Себебі, елорданың қоғамдық орындарында жүргенде, COVID-19 індетін тасымалдаушы болып саналады. Салдарынан иммунитеті төмен азаматтарға, қарттар мен балаларға, сондай-ақ өзге де қауіп тобындағы жандарға жұқтырады. Бұл өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл» аймақтағы уақытын ұзартып, науқастар санының күнделікті өсуіне әсер етеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109