2319

Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеулерге қарамастан 100 адамға арналған той өтті

Елорданың мониторинг топтары кәсіпкерлер арасында карантин талаптарын қасақана бұзушыларды анықтауда. Қалада карантиннің күшейтілгеніне қарамастан өткен тәулікте бірден екі той өткізіліп, оған 100 адам қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеше, яғни 27 маусым күні елордада карантин режимін бұзған 5 мекеме анықталды. Есіл ауданында орналасқан «Portofino» мейрамханасында 100 адамға арналған той өткізілді. Мекемеде қалалық санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеу шаралары сақталмаған.

Ал Алматы ауданындағы «Бақ сарай» мейрамханасында 100 адам қатысқан шара өтті. Сол сияқты «Ешь, пей» барында да әлеуметтік арақашықтық бұзылған.

Карантиндік режимді бұзғаны үшін Байқоңыр ауданындағы «Мустанг» кафесі мен Сарыарқа ауданындағы «Панаехали» барының қызметкерлері бетперде кимегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, эпидемиологиялық ахуалға байланысты елорда әлі де «қызыл» аймақта. Бұған қоса науқастар арасында тез таралып, иммунитетті әлсірететін коронавирустың үнді штаммы анықталды. Қазіргі жағдайға байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ, кәсіпкерлер дәрігерлердің нұсқаулары мен санитарлық нормалардың бәрін қатаң түрде сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109