1360

Нұр-Сұлтанның кәсіпкерлері вакцинаның алғашқы компонентін алды

Нұр-Cұлтан қаласының тұрғындары коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алуда белсенділік танытуда. Бүгін «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында шағын және орта бизнес өкілдері вакцинация алып, қала тұрғындарын қауіпті вирусқа қарсы вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қоғамдық тамақтандыру желілерінің бірі 100-ге жуық қызметкерінің вакцинация алуын қамтамасыз етті. Олар таңертең бастап «Керуен» сауда орталығының вакцинация пунктінде кезекке тұрды.

«Қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қызметкеріміздің бәрі вакцинациядан өтті. Халықпен тығыз байланыста болғандықтан вакцинаның алғашқы дозасын алдық. Мен екпе жасай алатын адамның бәрін екпе жасауға шақырамын. Өйткені, бұл өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да құтқарады. Біздің азаматтарымыздың жауапкершілікті көзқарасы арқылы біз пандемияны тезірек жеңе аламыз деп ойлаймыз », - деп пікір білдірді елордалық суши-барлар желісінің әкімшісі Зуфар Тоғжігітов.

Саяси сектор өкілдері де елорда тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

«Барлығына 18 жастан бастап вакцина салу керек деп санаймын. Себебі барлығы карантиндік шектеулерден шаршады, жұрт қалыпты жағдайға оралғысы келеді», - деді өз «Нұр Отан» партиясының мүшесі Кирилл Казак.

Сонымен қатар,қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері елордадағы эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығын ескере отырып, азаматтарды вакцинациялауға шақырады.

«Мен Okadzaki азық-түлік желісінде кассир болып жұмыс істеймін. Елордадағы эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығын түсініп, жастар мен еріктілердің вакцина алып жатқандығын көріп, өз үлесімізді қосуға бел будық. Біздің командада 100-ден астам қызметкер бар. Олардың бәрі өз еріктерімен вакцина алуға келісті. Біздің қызметтер жалпыға қолжетімді болғандықтан, қауіпсіздік бірінші кезектегі міндет болып саналады. Біз де әріптестерімізді вакцина алуға шақырамыз», - дейді елорда тұрғыны Ақдидар Саяхат.

Айта кету керек, 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында 210 мыңнан астам азамат вакцинаның бірінші компонентімен вакцинацияланды, 145 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.

Елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары ұйымдастырылуда. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ұтысқа екі бөлмелі пәтердің қойылғанын хабарлаған. Оған осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.

Бұған дейін MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығындағы вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакцинацияланғандар арасында ұтысқа автокөлік жариялаған болатын. Аталған ұтысқа барлық сауда үйлері мен медициналық мекемелерде вакцина алғандар қатыса алады.

Сонымен қатар, «Азия Парк», «Mega Silk Way», «Сарыарқа», «Абу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия» СОО-ларында тұрмыстық және компьютерлік техникалар түрінде бағалы сыйлықтар ұтып, жеңілдік купондары шығарылуда. Бұл акцияға «Mechta» электроника мен тұрмыстық техника желісі де қосылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109