1437

Елордада коронавируспен ауыратындар саны соңғы аптада екі есе өсті

Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекциямен ауыратындар саны екі есе артты. Оған карантин талаптарының сақталмауы мен «Үнді штаммының» таралуы себеп болып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова «Елорда тұрғындарын вакцинациялау» тақырыбында өткен онлайн-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай өзгеріссіз, қала әлі де «қызыл аймақта» тұр. Елордада 11 маусымнан бастап науқастардың саны артты, соңғы аптада сырқаттанғандар саны тәулігіне 350-ден 620-ға дейін көбейді. Тиісінше апталық көрсеткіш 2,8 есеге артты.

«Соңғы аптадағы ауру деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 65 пайызға өсті (өткен аптада 2144, қазір – 3544). Апта ішіндегі сырқаттанушылық көрсеткіші – 298,2 құрады. Репродуктивті саны – 1 315», - деді Сархат Бейсенова.

Жыл басынан бері қалада сырқаттанғандар саны 45 мыңнан асты, пандемия басталғаннан бері 63 968 жағдай тіркелді (оның ішінде 43 866 – симптомдық және 20 102 – симптомсыз).

Ересектер әлі де CОVІD-19 індетін жылдам жұқтырады, олар жалпы науқастың 79%-дан астамын құрайды. Бірақ сонымен бірге егде жастағы науқастар 20-дан 39 жасқа дейін өзгерді. Олар – салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар.

«Аурудың күрт өсуін ескере отырып, науқастардан ПТР сынама жүргізілді. Алдын ала нәтиже бойынша 56% жағдайда аса қауіпті «Үнді штаммы» деп аталатын «Дельта штаммына» тән мутация байқалды», - деді Сархат Бейсенова брифингте.

Оның айтуынша, қала тұрғындарының карантиндік шараларды сақтамауы, сондай-ақ вакцинацияланудың төмен көрсеткіші қала аумағында «Үнді штаммының» таралуына себеп болып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109