2066

Нұр-Сұлтанда «Ashyq» қосымшасы арқылы төрт мыңнан астам адам үй карантинін бұзғаны анықталды

«Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істейтін нысандарда 5 сәуір мен 28 маусым аралығында 4039 адам үй карантинін бұзғаны анықталды, оның ішінде 1888 науқас және 2151 байланыста болған адам бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сархат Бейсенованың айтуынша, 11-28 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 адам анықталды (жұқтырғандар, яғни «қызыл» статусы бар – 247 адам, ал жақын байланыста болғандар, «сары» статусы бар – 244 адам).

«Департамент тәртіп бұзушылардың үй карантиніндегі уақытын анықтау жұмысын жүргізуді бастады. Аумақтық басқармалар санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы 23 қаулы тапсырды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарлама берді», - деп мәлімдеді Сархат Бейсенова.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер құқық бұзушылардың басым бөлігі нысандарда анықталғанын хабарлады. Тиісінше науқастардың ең көп саны да сол орындарда тіркеледі. Есіл ауданында – 33%, Алматы ауданында – 30%, Сарыарқа ауданында – 22% және Байқоңыр ауданында – 15%.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109