2269

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында iPhone12 смартфонының 20 данасы ойнатылады

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар саны өткен апталармен салыстырғанда бес еседен аса өсті. Осылайша, вакцинацияланғандардың саны тәулігіне 7 мыңнан асып жығылады. Бүгінге дейін барлығы 218 мыңға жуық адам екпенің алғашқы компонентін алды.

Елордалықтар арасында вакцинацияны ынталандыру үшін жиырма iPhone12 ойнатылады (демеушілік қаражат есебінен). Аптасына екі iPhone12 ойнатылады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелердің, СОО/СҮ және т.б. орындарда вакцина алғандар қатысады. Оған қатысу үшін сауалнаманы толтырудың немесе нөмір алудың қажеті жоқ.

Жеңімпаз Birge платформасындағы кездейсоқ қызмет арқылы анықталады. iPhone12 ұтыс ойынына вакцинаны алған күніне қарамастан барлық адам қатысады. Вакцинацияланғандар бойынша ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерімен бірігетін болады. Сервисте екпе алған адамның id-нөмірі ғана көрінетін болады. 

Жеңімпазды сервис кездейсоқ түрде анықтайды. Ол Facebook пен Instagram арқылы тікелей эфирде өткізілетін болады.

IPhone12 алғашқы ұтыс ойыны 8 шілде күні өтеді. Алғашқы ұтыс ойынына 6 шілдеге дейін екпе алғандардың бәрі қатыса алады. Нұр-Сұлтан қаласында 7 шілде күні вакцинацияланғандардың базасы дайындалады.

Сонымен қатар, 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өткізіледі. Бұл акцияға медициналық мекемелерде, СОО/СҮ және вакцинациялаудың өзге де пункттерінде иммундаудан өткендер қатысады. 

Сол сияқты бұған дейін «MEGA Silk Way» СОО өзінің егу пунктінде вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ойнатылатынын жариялаған болатын.

Ал "Азия Парк", "Сарыарқа", "Абу-Даби Плаза", "Керуен", "Еуразия" СОО-ларында және басқа да сауда үйлерінде компьютерлік, тұрмыстық техника, жеңілдік купондары түріндегі түрлі сыйлықтар ойнатылып жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109