1209

Нұр-Сұлтанда биыл 40 мыңнан астам оқушы орны ашылады

Нұр-Сұлтанда қала тұрғындарының жыл сайынғы өсуі ескеріле отырып, ірі мектептердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 15 мектеп салынады, осылайша 40 мыңнан астам жаңа оқушы орны. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал 2019 жылдан төрт есе көп. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

 «Елордада жыл сайын ішкі көші-қон есебінен де, туу көрсеткіші есебінен де қала тұрғындарының саны өсіп келеді. Мысалға 2010 жылы қала мектептерінде 74 мың оқушы білім алса, қазір 193 мың оқушы білім алуда. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны өсіп келеді. Мысалы, 2019 жылы 5,5 мыңнан астам түлек мектеп бітірсе, бірінші сыныпқа 24,5 мыңға жуық бүлдіршін келді. Ал 2020 жылы 6,6 мың түлек болса, бірінші сыныпқа 21 мыңнан астам бала келді. 2030 жылға қарай Нұр-Сұлтанда 400 мыңға жуық оқушы болады деп ойлап отырмыз. Әрине, бұл тамаша көрсеткіш, тиісінше мектептердің көбірек ашылуын талап етеді.

 Біз ірі мектептердің құрылысына көштік. Білім мекемелері қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын үй массивтерінде салынып жатыр. Қажеттілігі бар аудандарға ерекше назар аударылады», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

 Елордада 2019 жылы 6 мектеп, ал 2020 жылы 11 мектеп салынса, биыл 15 мектеп салынады. Бұл жаңадан 40 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, бұл 2020 жылдан екі есе, ал 2019 жылдан төрт есе көп.

 Алдағы бес жылға елордада 67 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Оқу орындарының құрылысы жеке инвестицияларды тарту есебінен де жүргізілуде.

 Елорда әкімінің тапсырмасы бойынша болашақ педагогтарды ынталандыру мақсатында гранттар саны ұлғайтылды. Жыл сайын орта арнаулы оқу орындарында оқуға кемінде 800 грант, ал жоғары білім алуға тағы 300 грант бөлу жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109