1321

Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік жеңілдікті пәтер салынады

Нұр-Сұлтанда биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады.Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік жеңілдікті пәтер салынады. Соңғы үш жылдың ішінде қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 еседен астам ұлғайды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифингте қолжетімді баспана құрылысының қарқыны, тұрғын үй сертификатының көлемін ұлғайту және қатысушылар санатын кеңейту туралы қозғап өтті.

 «Қала тұрғындарының маңызды және өзекті мәселелерінің бірі – тұрғын үй. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайтуды жүйелі жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, ал 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер салынса, 2020 жылы осындай 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жақында әлеуметтік аз қамтылғандар арасында кезекте тұрған отбасыларға 400-ге жуық пәтер кілті беріледі. Әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы қаланың барлық ауданында жүргізіліп жатыр. Мысалы, Отау, Жағалау шағын аудандарында, Пригородный елді мекені, Ш.Құдайбердіұлы, Р. Қошқарбаев көшелерінде, жаңа вокзал ауданында және т.б.», - деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.

 Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан әкімінің тапсырмасы бойынша тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) бағдарламасы бойынша қатысушылар санаты кеңейтілді: медицина қызметкерлері, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері қатыса алады.

 Сондай-ақ, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін» бағдарламасы биыл да жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жас баспаналы болады. Осы мың пәтерден бөлек, биыл жыл басында 350 жасқа пәтер кілті тапсырылған болатын. Сол сияқты 2021 жылы жастар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы (әлеуметтік кредиттеу) іске қосылады.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109