1774

Нұр-Сұлтанда 2021 жылы ұзаққа созылған 57 нысанның құрылысы аяқталады

Нұр-Сұлтанда 2021 жылы құрылысы ұзаққа созылған үйлер саны 57-ге қысқарады. Проблемалы көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің мәселесі шешіліп, көптен күткен пәтер кілтін 7 мыңнан астам үлескер алады. Нұр-Сұлтан әкімдігі үлескерлердің проблемасын шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, тек екі жылдың ішінде ұзаққа созылған құрылыс саны екі еседен астам қысқарады. Бұл туралы ОКҚ алаңында елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

«2019 жылдың жазында елордада 52 үлестік құрылыс нысаны болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұзақ салынған құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. 2019 жылдың жарты жылдығында біз құрылысы ұзаққа созылған 10 нысанды салып, пайдалануға бердік. Бұл 13 көппәтерлі тұрғын үй кешені (ТК). Өткен жылы 14 нысан аяқталды – бұл 20 ТК.

Биыл тағы 57 проблемалық көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл 7 мыңнан астам үлескер көптен күткен пәтеріне ие болады деген сөз», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтан әкімі үлестік құрылыстың барлық нысанында түрлі жағдайлар болғанын атап өтті: бір жерде тек шұңқыры ғана қазылған, ал бір жерде үйдің тек қаңқасы тұр, енді бір жерде салынған блоктар апатты күйде, оларды толығымен бұзу қажет болды. Себебі адам тұруға арналмаған және қауіпті. Ұзақ салынған құрылыстар бойынша бірінші кезекте техникалық аудит жүргізілді, себебі үйлердің қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Дегенмен, ұзаққа созылған құрылыстардың жұмысы қарқын ала бастады, әсіресе, Шығыс, Жағалау, Территория комфорта-1 және т.б. Үлестік құрылыстың әрбір нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары жасалды.

 

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109