1740

Астанада мектеп жабдықтары ең төмен бағамен сатылады

Астанада 30 тамызда «Мектепке жол» акциясы аясында 40-тан астам кәсіпкердің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтеді. Айта кетейік, жәрмеңкеге Астана және Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының кәсіпкерлері қатысады.

Астанада 30 тамызда «Мектепке жол» акциясы аясында 40-тан астам кәсіпкердің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырған Кәсіпкерлік және Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының хабарлауынша, тауарлар нарықтық бағадан төмен бағамен сатылып, барынша төмендетіледі.

«Мектеп жабдықтарына 10%-25% және балалардың мектепке киетін киім-кешектеріне 10%-50% жеңілдік жасалады. Кейбір тауарлар өндірушінің бағасымен сатылады»,- деп хабарлады astana.kz сайтына қалалық Кәсіпкерлік басқармасынан.

Айта кетейік, жәрмеңкеге Астана және Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының кәсіпкерлері қатысады.

«Жәрмеңкеде мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарлары, рюкзактар, оқулықтар мен басқа де мектеп жабдықтары сатылады. Астана тұрғындары үшін бұл баланы мектепке жинаудың жақсы мүмкіндігі»,- делінген Кәсіпкерлік басқармасының ақпаратында.

Алаңда қала тұрғындары үшін концерт ұйымдастырылып, қоғамдық тамақтану орындары ашылады. Сондай-ақ, халыққа заң бойынша кеңестер беретін қоғамдық қабылдаулар жүргізіледі.

Мектеп жәрмеңкесі 30 тамызда қалалық әкімдік алдындағы алаңда сағат 9.00-17.00 өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109