1867

Елорданың денсаулық сақтау жүйесі жаңғыртудан өтті – Алтай Көлгінов

Пандемия басталғалы бері қаланың денсаулық сақтау жүйесі айтарлықтай модернизациядан өтті. Жедел жәрдем машиналарының паркі толық жасақталды, 200 төсектік қалалық инфекциялық орталықтың ғимараты пайдалануға берілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің 350-ден астам түлегі COVID-19-ға қарсы күрес бойынша жұмысқа тартылды, медициналық саланың кадрлық құрамын толықтыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 500 грант бөлінді. Жедел жәрдем машиналарының паркі 107 бірлікке толықты және біз оны 100% жабдықтадық. Жаңа ғимарат — 200 төсектік қалалық жұқпалы аурулар орталығы пайдалануға берілді», — деді әкім.

Сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек – амбулаториялық қызметтер мен емханалардың жұмысы жаңғыртылды. Бұл шаралар ауруханалардағы жүктемені азайтуға көмектесті.

«Қазір науқастар үйде емделуде, дәрі-дәрмектер тегін тасымалданады. Қашықтан емдеу ұйымдастырылды. Сондай-ақ резервтен жаңғырту жұмыстары мен медициналық жабдықтар сатып алу үшін қаражат бөлінеді. Оның ішінде қосымша оттегі резервуарлары, өкпені жасанды желдету аппараттары, рентген, компьютерлік томограф аппараттары сатып алынды. Қазір бұл біздің мамандарымызға айтарлықтай көмектесіп жатыр. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерінің жалақысы едәуір артты», — деді әкім.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109