1670

Нұр-Сұлтанда емен бағы ашылды

Елордада «Астана Опера» театрының іргелес аумағына 1000 түп бөртегүл мен 700 емен ағашы отырғызылды. Бұл учаскеде төселген тас ауыстырылып, магистральдық торлар орнатылды, суару жүйесі де қарастырылған. Түнде магистральдық тор арқылы арнайы жарықтандыру қосылады, бұл жасыл аймаққа ерекше көрініс береді.

Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Оранхаевтың айтуынша, елорданы көгалдандыру жұмыстары «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүргізілуде. Ландшафтық орын қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша мұндай жасыл аймақтарды барлық ауданда кезең-кезеңмен ұйымдастыру жоспарланып отыр.

«Астана Опера» аумағындағы абаттандырылатын жердің жалпы ауданы — 3.2 га, сондай-ақ 2 га аумақ көгалдандырылды. Емен аллеясына жайлы демалыс үшін дөңгелек орындықтар да қойылады. Ал ағаштар шуақты күндері демалуға жағдай жасайды.

Айта кетейік, «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарында елорданы жаппай көгалдандыру қарастырылған.

Емен – ұзақ жылдар бойы өмір сүретін ағаш, сондықтан оларды «Астана опера» ғимаратының бағына отырғызу туралы шешім қабылданды.

Триатлон паркінің жанында биыл жөке ағашы мен сирень бұталары отырғызылды. Осылайша, елордада сирень мен емен бағы ашылды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында Нұр-Сұлтанда бір миллионнан астам жасыл желек отырғызылады.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109