3359

Елордалық мектептерде отбасы тақырыбында өлеңдер байқауы мен фотокөрме өткізілді

Астанада №3 мектеп-гимназиясында 8-10 сынып оқушыларының арасында «Менің сүйікті отбасым» тақырыбындағы авторлық өлеңдер байқауы ұйымдастырылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Балалардың құқығын қорғау басқармасынан хабарлады.

Астанада №3 мектеп-гимназиясында 8-10 сынып оқушыларының арасында «Менің сүйікті отбасым» тақырыбындағы авторлық өлеңдер байқауы ұйымдастырылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Балалардың құқығын қорғау басқармасынан хабарлады. 

Жас дарындар байқауында 12 оқушы өздерінің өлеңдерін оқыды. Алида Берлесова «Отбасының табысы» өлеңімен және Мария Исаева «За все благодарю семью» өлеңімен бірінші орын алды. Қазылар алқасының құрамына қазақ және орыс тілінің мұғалімдері енді. Іс-шара барысында музыкалық номерлер, би билеп, отбасы тақырыбындағы әндер айтылды, сондай-ақ, кинофильмдерден үзінділер көрсетілді. Байқау жеңімпаздарына грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, №2 өнер мектебінде «Менің отбасымның жазғы демалысы» фотокөрмесі болып өтті. Оған осы мектеп оқушылары мен ұстаздарының фотосуреттері қойылды. Үздік атанған суреттерге І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар мен жұбаныш сыйлықтары берілді. Көрменің мақсаты -балалардың бойында патриотизмді, отбасылық құндылық сезімін ояту. Көрменің критерилері сапа мен дұрыс формат, эстетикалық қызығушылық пен қызықты мазмұн болды. 

Еске салайық, аталған іс-шаралар Отбасы күнін атап өту аясында ұйымдастырылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109