1457

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзғандарға 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Елордада құрамына аудандық әкімдіктердің өкілдері, полиция қызметкерлері кіретін мониторингтік топтар жұмысын күшейтілген режимде жүргізуде. Күн сайын олар 100 және одан да көп кәсіпкерлік нысанды аралайды. Олардың арасында 5-10 нысанда карантин талаптары сақталмайтыны анықталады. Карантиндік шаралар сақталмайтын нысандар арасында «Ashyq» жобасына қатысушылар да бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, кеше, яғни 30 маусым күні Байқоңыр ауданында орналасқан 5 сауда нысанында қызметкерлердің маска режимін сақтамағаны анықталды. Олар: «Биг Шанхай», «Алуан Сайман» базарлары, «Аймақтау», «Тұлпар», «Алаш» сауда үйлері.

Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы жұмыс режимінің қолданыстағы шектеулеріне қарамастан түнгі сағат 2-ден кейін де жұмыс істеген Loto club-ты анықтады.

Жиналған материалдың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына тапсырылды.

«Карантиндік талаптарды сақтау жөнінде кәсіпкерлік субъектілері мен елорда тұрғындарына жасалған көптеген өтініштерге, түсіндірулерге қарамастан олар қарапайым талаптарды сақтамай отыр. Тыйым салынғанына қарамастан, келушілер саны рұқсат етілген мөлшерден асып түседі. Қызметкерлер маска режимін сақтамайды, сол сияқты жұмыс істеуіне рұқсат берілмеген нысандар тыйымды елемей отыр», - деп атап өтті елорданың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті.

2021 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусым аралығындағы кезеңде аудандық СЭК шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 150 262 745 теңгеге 726 жеке, заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109