1329

Балалар коронавирустың «дельта» штаммын жиі жұқтыра бастады – Алмаз Шарман

Балалар коронавирустың ең қауіпті және агрессивті штаммын жұқтыра бастады. Бұл туралы профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман мәлімдеді.

Оның айтуынша, «дельта» штаммын жұқтыру ауруханаға жатқызу мен өлім қаупін едәуір арттырады.

«Балалар арасында «дельта» штамын жұқтыру 5 есе жиілей бастады. Яғни, COVID-19 вирусы жасарды, бірақ балаларда инфекцияның қаншалықты агрессивті жүретіні әзірге белгісіз. Ересектерге келетін болсақ, «дельта» инфекциясын әлі егілмеген адамдар жұқтыруға бейім. Вакцина кез-келген КВИ нұсқаларына қарсы жалғыз тиімді құрал болып қала бермек. Вакцина алғандар өздерінің иммундық жүйесі «дельта» нұсқасынан қорғай алады деп сенімділікпен айта алады. Ал вакцинацияланбағандар пандемияның инфекция мен өлім қаупі өте жоғары болып тұрған ең қауіпті кезеңінде екендіктерін түсінулері керек», - деді Алмаз Шарман.

Ол сонымен бірге, пандемиямен күресудің жалғыз тиімді жолы вакцинация екенін атап өтті. Бүгінгі таңда әлемде КВИ вакцинасының 3 млрд. астам дозасы енгізілген, бұл 100 адамға шамамен 39 дозаны құрайды. Алайда, вакцинациямен негізінен АҚШ, Израиль және Еуропа елдерінің халқы қамтылған. Қазақстанда тұрғындардың тек 17%-ы ғана вакцинаның бірінші компонентін алды.

Айта кетейік, бүгінде елордада 230 мыңға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 152 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109