1769

Елордада мектептерде «Smart Астана балалары» жыл сайынғы байқауы басталды

Оқу жылының басында қалалық мектептерде «Smart Astana» тұжырымдамасы аясында орта мектеп оқушыларының арасында инновациялық бағыттағы «Smart Астана балалары» жыл сайынғы байқауы қолға алынады. Бұл туралы аstana.kz сайтына «Астана Innovations» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқу жылының басында қалалық мектептерде «Smart Astana» тұжырымдамасы аясында орта мектеп оқушыларының арасында инновациялық бағыттағы «Smart Астана балалары» жыл сайынғы байқауы қолға алынады. Бұл туралы аstana.kz сайтына «Астана Innovations» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Байқау 1-5 сынып оқушылары үшін «Үздік балалар суреті» және 6-11 сынып оқушылары үшін «Үздік мектеп шығармасы (немесе эссе)» аталымдары бойынша өтеді», - делінген ақпаратта.  

Байқауға қатысушылардың бейнелеу жанры саласындағы және сюжетті таңдаудағы қиялына шек қойылмайды, ал шығарманы (эссені) проза түрінде де, өлең түрінде де жазуға болады. Үздік шығармалар (немесе эсселер) байқау тақырыбына сай, авторлық позицияға ие, тақырыбы мазмұнды әрі бірегей болуы тиіс. 

Байқауға ұсынылған еңбектер міндетті түрде байқау тақырыбына сәйкес болып, автордың елорданың болашағы туралы түсінігін жеткізу керек. Қойылған талаптарға сәйкес келмеген жұмыстар байқаудың мектептерде өтетін бірінші кезеңінде-ақ іріктеуден өтпейді.  

Еске салайық, байқаудың тақырыбы елорданың болашағы, инновациялық дамуы, «ақылды қала» технологияларын пайдалану болып табылады. Биыл үздік еңбектер жоғары бағаланып, авторлар 26 қыркүйекте өтетін «Smart Астана» конференциясында марапатталатын болады. Әр аталым бойынша бас жүлде - iPad 16 Gb. 

Айта кетейік, байқау қалалық мектептер арасында кеңінен тараған. Өткен жылдары оған 400-ге жуық жұмыс ұсынылған болатын. Былтын байқау жеңімпаздарына «Smart Астана» жыл сайынғы конференциясын өткізу аясында дипломдар мен бағалы сыйлықтар, Диснейлендке жолдама табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109