1117

Нұр-Сұлтанда DAMDI QALA аспаздық байқауының қортындысы шықты

Demalys Promenade шығармашылық марафоны аясында елордада DAMDI QALA аспаздық байқауының финалы өтті. Оның қатысушылары Нұр-Сұлтан қаласының кондитерлік өнімдерін жасап шығарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Байқауды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Креативті индустрияларды дамыту орталығы» МКҚК ұйымдастырды.

Байқаудың финалында еліміздің әр өңірінен келген 10 қатысушы өздерінің авторлық десерттерін ұсынды.

Конкурс жеңімпазы әрі 250 мың теңге ақшалай жүлденің иегері – Жанна Бақтыбаева, ал екінші орын және 100 мың теңге Лазат Баймұқановаға бұйырды, үшінші орын және 40 мың теңгені Әйгерім Әлімқожаева мен Әйгерім Усейн бөлісті.

Жеңімпаз-десерт сфера түрінде әзірленген, оған «әлем» деген атау берілді. Жентті пайдалана отырып жасалған тағам қазақ және әлемдік кондитерлік дәстүрлерді біріктірген.

Кондитерлік өнімдер елорданың кафе, мейрамханаларының мәзіріне қосуға ұсынылады және рецепт авторының есімімен аталады.

«Біз қала әкімдігі тарапынан осындай бастамалардың бар екеніне өте қуаныштымыз. Бұл мегаполистің мәдениетін арттырып қана қоймай, аспаздық дәстүрлердің қалыптасуына және туристік фишкалардың пайда болуына ықпал етеді», - деп атап өтті сараптау комиссиясының төрағасы, қоғамдық тамақтану және сервис орталығының басшысы, World Skills чемпионаттарының бас ұлттық сарапшысының орынбасары Григорий Кныш.

Аспаздық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 5-25 маусым аралығында өтті. Қазақстанның 9 қаласынан барлығы 62 өтінім келіп түсті. Байқауға қатысушылар десертті дайындаудың барлық кезеңдерінің рецепі мен фотосуреттерін ұсынды.

25 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі» МКҚК құзыреттілік орталығында финалистерді іріктеу өтті.

Қазылар алқасы өнімдерге баға бергенде оны дайындаудың қарапайымдылығы, жергілікті өнімдерді пайдалану, дәм сапасы және нағыз аспаздық хит болу мүмкіндігін басшылыққа алды.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109