1486

Елорданың Тұрғын үй орталығына онлайн режимде қалай жүгінуге болады

Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй орталығында қолжетімді баспана туралы толық мәлімет пен мамандардың кеңесін алуға болады. Ал орталыққа интернет-ресурстар арқылы онлайн жүгіну мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, Тұрғын үй орталығы 2020 жылдың күзінде Республика даңғылы, 32 мекенжайында ашылған болатын. Мұнда тұрғын үй саласындағы барлық қызмет түрі көрсетіледі. Осылайша, қала тұрғындары баспана алу үшін кезекке тұру, кезек нөмірі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері және т.б. жайлы біле алады.

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін тұрғын үй орталығының интернет-ресурстары қолжетімді, солар арқылы мамандардың көмегіне онлайн жүгінуге болады:

- мобильді қосымша: zhilfond Nur-Sultan;
- сайт: zhilfond.kz, (онлайн кеңес беру, директордың блогына жүгіну), zhil-astana.kz.
- Instagram-дағы ресми аккаунттар: zhilfond_nursultan, upravlenie.zhilya;
- Facebook: Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй қоры;

Мына WhatsApp нөмірлері арқылы кеңес алуға болады:

8-776-198-29-70 – кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру;
8-705-470 90-12 – тұрғын үй жалдау шарттарын қайта жасасу;
8-776-340-54-12 – тұрғын үйді жалдау шарттары бойынша берешектің болуы/болмауы туралы анықтама алу;

МИБ / Жай серіктестік құру мәселелері бойынша:

8-775-512-52-52 – Алматы ауданының тұрғын үй инспекциясы;
8-775-526-33-41 – Байқоңыр ауданының тұрғын үй инспекциясы;
8-701-509-02-97 – Есіл ауданының тұрғын үй инспекциясы;
8-702-609-60-60 – Сарыарқа ауданының тұрғын үй инспекциясы.

Интернет-ресурстарда Тұрғын үй орталығының қызметі туралы маңызды ақпараттар жарияланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109