1423

Еріктілер мұқтаж жандарға 1000 азық-түлік себетін үлестірді

Елорда күнін мерекелеу қарсаңында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 1 000 азық-түлік себетін тарату науқаны басталды. Игі істі қалалық және аудандық әкімдіктердің Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» КММ және қалалық волонтерлер штабымен бірлесіп қолға алып отыр. Аталған шара «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» ауқымды қайырымдылық акциясы аясында жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Себеттерде әр отбасы үшін ең қажетті 50 кг өнім бар. Тізімде қарақұмық, күріш, қант, макарон, ұн, май, шай, бұқтырылған ет консервілері және кәмпиттер бар.

«Халық» қайырымдылық қоры әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктерге ие балалары бар отбасыларға азық-түлік көмегін көрсету бойынша «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын жалғастыруда. Қалалық штабта бес мыңнан астам волонтер бар. Олар азық-түлік себеттерін таратуға, аумақтарды тазалауға қатысады. Бүгін қала күніне орай тарату шарасы өтіп жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Еріктілер тынымсыз еңбек етуде. Оларға қысқа мерзімде 50 тонна азық-түлікті бөліп, таратып беру керек.

«Мен төтенше жағдай басталғаннан бері волонтер болып жүрмін. Осы уақыт ішінде біз қанша көмек көрсеткенімізді есептеген емеспін. Әрбір қазақстандықтың өмірінде бір рет болсын волонтерлікпен айналысқанын қалаймын. Ал мені қарапайым адамдардың алғысы алға жетелейді», - деді ерікті Әлфараби Аймақ.

Еріктілер пандемия кезінде топтасып, мұқтаж жандарға көмек көрсету маңызды екеніне сенімді.

«Бүгін біз азық-түлік себеттерін елорданың төрт ауданына таратамыз. Азық-түліктен басқа, біз 30 мыңнан астам маска таратқымыз келеді. Мұндай сыйлықты мереке күндері ғана емес, үнемі жасаймыз. Айына кемінде 4 рет қайырымдылықпен айналысамыз. Осындай қиын уақытта бәріміз бірге болуымыз керек. Бұрын біз Тимур мен оның командасы туралы оқыған едік. Еріктілер – бұл Тимур және оның командасы, бірақ саны әлдеқайда көп. Біз немқұрайдылықты ысырып қойып, жұртқа көмектескіміз келеді», - деді ерікті Исламбек Байманов.

Өз кезегінде азық-түлік себеттерін алған отбасылар қайырымдылық акциясын ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

«Мен жалғызбасты анамын, тұрақты жұмысым жоқ, оның үстіне әлі студентпін. Үй жалдап тұрамын. Сондықтан мен үшін бұл үлкен көмек. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне және еріктілерге алғысымды білдіремін», - деді елорда тұрғыны Айгүл Телепова.

«Мұндай керемет акция Елорда күні қарсаңында өткізіліп отыр. Бұл көпбалалы отбасылар үшін өте жақсы көмек. Қала әкімдігі мен еріктілерге және олардың күш-жігері үшін алғыс айтқым келеді. Олардың алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін», - деді елордалық Мәриям Алғали.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері еріктілер халықтың осал топтарына көмек көрсетуде. Қаланың автоволонтерлері азық-түлік себеттерін тиісті мекенжайға жеткізуге қатысады. Азық-түлікті үздіксіз жеткізумен қатар, түрлі мерекелерге арналған ірі қайырымдылық акциялары ұйымдастырылуда. Мысалы, наурыз айында еріктілер 4 000-нан астам азық-түлік себетін таратты. Түрлі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдар меценат болды. 

Қала тұрғындары мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек беріп, белсенділік танытуда. Елорданың кейбір тұрғындарына себеттер, түрлі мәселелер бойынша кеңестер, аулаларды тазалау секілді тұрақты көмек қажет. Еріктілер мұндай мекенжайларды үнемі назарда ұстайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109