2257

Назарбаев Университеті магистратура мен доктарантураға алғаш рет 126 студентті қабылдады

2013-2014 оқу жылында Назарбаев Университеті магистратура мен доктарантура бағдарламаларына алғаш рет студенттерді қабылдай бастады. Университеттің Жоғары Мектептеріне барлығы 126 адам оқуға түсті. Бұл туралы astana.kz сайтына аталған білім ордасының Коммуникация және маркетинг департаментінен хабарлады.

2013-2014 оқу жылында Назарбаев Университеті магистратура мен доктарантура бағдарламаларына алғаш рет студенттерді қабылдай бастады. Университеттің Жоғары Мектептеріне барлығы 126 адам оқуға түсті. Бұл туралы astana.kz сайтына аталған білім ордасының Коммуникация және маркетинг департаментінен хабарлады. 

«2013 жылы Назарбаев Университетінде үлкен маңызды оқиға болды. Біз тұңғыш магистрант-студенттерімізге өз есігімізді айқара аштық, ал Жоғары білім беру мектебі тұңғыш докторант-студенттерді оқуға қабылдады. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш», - деді Назарбаев Университетінің проректоры Саймон Джонс. 

Атап айтқанда, Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне 22 адам оқуға түсті, магистранттардың басым бөлігінде мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі бар. Жоғары білім беру мектебіне биыл 74 магистрант және 12 докторант қабылданды. PhD бағдарламасына түскендердің арасында бір халықаралық студент - Мексика азаматы бар.

Жоғары бизнес мектебінде қазіргі таңда Executive MBA (басшыларға арналған бизнес-басқару) бағдарламасында 18 адам оқиды. Студенттердің негізгі бөлігі - ірі қазақстандық және халықаралық корпорациялардың топ-менеджерлері.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында Назарбаев Университетінде білім алушылардың саны 2 мыңнан асты, ал оқытушы-профессорлар құрамындағы адамдар саны 250-ге жетті. 

«Биыл білім ордасы Университет алдындағы дайындық бағдарламасына 536 тыңдаушыны, бакалавриат бағдарламасына 48 студентті, магистратура мен докторантураға 126 студентті қабылдады»,- делінген ақпаратта. 

Биыл талапкерлердің дайындық деңгейі өте жоғары. Жалпы  қабылдау емтихандарын ең төменгі оқуға түсу талаптарына сәйкес тапсырған талапкерлердің саны 800 адамды құрады. Өткен жылдардағыдай, оқуға түсушілер арасында Инженерия мектебі мен Ғылым және технологиялар мектебі кеңінен танымал болып табылды. Бұл Мектептерде оқуға қабылданғандардың 43% оқиды, талапкерлердің қалған 14%-ы Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіндегі мамандықтар бойынша білім алады. Бұдан басқа, Университет тікелей бакалавриат бағдарламасына 48 адамды қабылдайды, соның ішінде Dublin Institute of Technology және Сулейман Демирель атындағы университеттерден ауысуға ниет білдірген екі студент Назарбаев Университетіне оқуға қабылданды.

Еске салайық, биыл оқуға түскендердің географиясы Қазақстанның барлық өңірлерін қамтиды. Бұл Назарбаев Университетіндегі төртінші академиялық жыл. Қазіргі таңда Университет 2015 жылы Медицина мектебін және Тау-кен ісі мектебін ашу жұмыстарын жалғастыруда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109