1440

Елордада бір тәулік ішінде 12 мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Кәсіпкерлік нысандар арасында карантин бұзушыларды анықтайтын елорданың мониторингтік топтары күшейтілген тәулік бойғы жұмыс режиміне көшірілді. Күн сайын олар қалалық мекемелердің маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, белгіленген жұмыс кестесін және басқа да шектеулерді сақтамағанын тіркейді, бұл тұрғындар арасында коронавирустың одан да көптеп таралуына әкеледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 1 шілдеде елорданың 12 кәсіпкерлік нысаны карантинді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, Есіл ауданындағы «Brewery» барында бір үстел басында көп адам жиналып, туған күн тойлаған.

Сарыарқа ауданында үш нысанда карантин ережелірінің бұзылғаны анықталды: «Вечеринка», «Жарқыл» кафесі және «Жарқыл» саунасы. Олардың барлығы белгіленген жұмыс режимін сақтамай, түнгі сағат 10-нан кейін жұмыс істеген.

Осыған ұқсас бұзушылықтар Алматы ауданында орналасқан «вДрава», «Баку донері» кафелері мен «Фэнтези» компьютерлік клубында да анықталды.
Сонымен қатар, Байқоңыр ауданындағы «Амир» базарында және «Жастар», «Автогранд», «Жаннұр», «Есіл» сауда үйлерінде қызметкерлер бетперде режимін елемеді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Айта кету керек, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. КВИ ауруының өсуі байқалады, оның себептерінің бірі азаматтардың санитарлық нормаларды сақтамауы болып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары өзіне және жақындарына вирус жұқтыру қаупін төндірмеу үшін санитарлық дәрігерлердің барлық ұсынымдары мен карантиндік шектеулерін қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109