1341

Елордалық ЖЭО газға қашан көшеді?

Елорда әкімдігі ЖЭО-1, ЖЭО-2 және салынып жатқан ЖЭО-3-ті газға ауыстыру жұмыстарын жалғастыруда. Қалалық энергия көздерін газдандыру атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының санын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың энергия көздерін газдандыру жобасын іске асыру 2020 жылы басталды.

«2020 жылы екі ЖЭО-ға жеткізу желілері - газ құбырын салу басталды, бұл шамамен 30 км, сондай-ақ энергия көздерінің өзінде қолданыстағы жабдықтарды жаңғырту және газға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы ЖЭО-1-де үш су жылыту қазандығын газға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілді. Қараша айында жылыту маусымы басталғанда ЖЭО-1-ге үш қазандық үшін газ беру қамтамасыз етілді, олар барлық жылыту маусымын газбен өткізді. Жабдық сынақтан өтті деп айтуға болады», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Сондай-ақ, өткен жылы ЖЭО-2-нің бір қазандығы газбен жұмыс істеді. Осылайша, 2020 жылы екі жылу электр орталығының 4 су жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

Қазіргі уақытта ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-де қалған 9 қазандықты газдандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Қажетті жабдықтар толық жеткізілді, қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Оларды жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша, ЖЭО-1- де биыл тағы 4 қазандық, ЖЭО-2-де 5 қазандық іске қосылады», — деді Мақсат Есмағұлов.

Сонымен қатар, салынып жатқан ЖЭО-3-ті газдандыру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. Бөлім басшысының айтуынша, газ құбыры салынды, сондай-ақ газ реттеу пункті орнатылды. Қазір ЖЭО-3-те энергия көзі газбен жұмыс істей алатынын ескере отырып, жұмыстар жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов жылу электр орталықтарын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлаған еді. ЖЭО-ның қалған қазандықтары осы жылдың соңына дейін газға көшіріледі.

«Газдандыру — Елбасының ауқымды жобасы. Бұл жоба экологияны айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, өйткені жеке сектордағылар көмір жақпайды, нәтижесінде қауіпсіздік артады, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайы жақсарады», — деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109