2067

Нұр-Сұлтанда COVID-19 бойынша жедел жәрдем шақырту көбейді

Нұр-Сұлтанда КВИ бойынша жедел медициналық жәрдем станциясына түскен шақыртулар мен өтініштер саны артты. Коронавирусқа байланысты күніне 300-ге жуық қоңырау түседі.

«Елордада жедел жәрдем қызметіне жүктеме тағы да артты. Қаладағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел медициналық жәрдем станциясына күніне 3-3,5 мыңға дейін өтініш келіп түседі», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі Бота Сәдетханның айтуынша, КВИ, ЖРВИ және пневмония бойынша хабарласатындар саны артты.

«Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда қазір жедел жәрдемге хабарласатындар саны 40%-ға дейін өсті! Соңғы аптаның өзінде КВИ-ға байланысты қоңыраулар саны 1,5 есеге, яғни тәулігіне 179-дан 300-ге дейін өсті», - дейді Бота Сәдетхан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жазғы кезеңде жедел жәрдем бригадалары 18 мыңнан астам шақыруға қызмет көрсеткен, олардың басым бөлігі коронавирустық инфекция бойынша жүгінген. Диспетчерлер КВИ мәселелеріне қатысты 9,5 мың өтініш бойынша кеңес берді.

Қазіргі уақытта елордада коронавирус індетінің өскені байқалады. Өткен тәулікте 219 адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

КВИ емдеу үшін 14 стационар жұмылдырылды. Қала бойынша барлығы 1 600-ден астам пациент стационарлық емделуде, оның ішінде 1 400-ден астамы КВИ-мен, қалғаны – пневмония. Төсек жүктемесі 75%-ды құрайды. Реанимация бөлімшесінде 104 пациент бар, оның ішінде ауыр дәрежеде – 48 адам, аса ауыр дәрежеде – 56 науқас.

Вакцинация ғана өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жұрттың денсаулығын қорғайды. Науқастар санын азайтып, коронавирусты жеңу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109