1266

«Қазақстан Барысы»: Елордада салмақ өлшеу рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 4 шілде күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін балуандардың салмақ өлшеу рәсімі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. 

Оныншы рет өтетін бәсекеге еліміздің 14 облысында, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысады, оның ішінде жобаның жеңімпаздары – Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев бар.

Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Ерасыл Қажыбаев 153 келі тартса, Ерсұлтан Мұзаппаров ең жеңіл салмақ көрсетті (90 келі).

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы балуандар бәсекесі елорда әкімдігінің тікелей қолдауымен өтіп жатқанын атап өтті. 

«Дәстүрлі Қазақстан Барысы жобасы өздеріңіз білетіндей биыл оныншы рет ұйымдастырылады. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен іріктелген үздік балуандар қатысқалы жатыр. Біздің елордамыздың намасын бұл бәсекеде Айбат Сейтен мен Олжас Шынкеев қорғайды. Балуандарымыздың бағы мен бабы келісіп жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз», - деді басқарма басшысы.

«Биыл «Қазақстан Барысы» турнирінің ерекшелігі – өздеріңіз көріп отырғандай жастар көп. Балуандардың дайындықтары да жоғары деңгейде. Тартысқа толы дода болғалы тұр. Барша қазақстандықтарды балуандарымыздың тақымын қысып, тікелей эфирде жанкүйер болуға шақырамыз», - деді қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы, «Қазақстан Барысы» жобасының екі дүркін чемпионы, «Әлем Барысының» үш дүркін иегері Айбек Нұғымаров. 

Елордамыздың төрінде өтетін бәсеке карантин талаптарына сай көрермендерсіз ұйымдастырылады. 

Турнир Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирден тамашалай алады. Сонымен қатар турнир Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ», Түркияның «ТРТ Аваз» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109