1252

Елорданың мекемелері түн ортасынан кейін де келушілер қабылдауды тоқтатар емес

Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзушыларды анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген, тәулік бойғы режимге көшірілді. Қала мекемелері ескертулер мен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан жұмыс режимі, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимі секілді шектеу шараларын елемей отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 2 шілде күні мониторингтік топтар 8 нысанда шектеу шаралары бұзылғанын анықтады.

Ал Есіл ауданында орналасқан «Veranda» мейрамханасы мен «Just Smoke» бары өздеріне белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Сарыарқа ауданындағы «Для Своих» бары мен «Стамбул» кафесі түн ортасынан кейін де жұмысын тоқтатқан жоқ.

Алматы ауданында «Ақшаұлы» мейрамханасында, «Джентельмен» кинорумында, «Local pub» барында карантин тәртібі бұзылғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық басқармасына жіберілді.

Айта кетейік, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. КВИ жұқтырған науқастар саны күн санап өсіп келеді. Қауіпті вирустың одан әрі таралуына жол бермес үшін қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары карантиндік шаралар мен санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109