2366

Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады – елордалық дәрігерлер кеңесі

Елордада аптап ыстық тағы бірнеше күнге созылады. Жоғары температура әсіресе балалар, қарттар мен жүрек-тамыр аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері осы кезеңде тұрғындарды өз денсаулығына мұқият болуға және бірнеше ережені сақтауға шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Мұндай ауа-райында таңертең жұмысқа шығар алдында душ қабылдау керек. Суы салқындау, алайда қолайлы температурада болуы қажет. Осылайша адам ағзасы біршама салқындайды», — деп кеңес береді №10 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Наргиз Абдурайымова.

Оның айтуынша, ауа райына сәйкес киіну керек. Тар немесе тырысып тұратын киімдерді таңдамаған абзал, ең дұрысы ақшыл түсті, жеңіл, кең тұратын және ауа өткізетін матадан тігілген киімдер киген жөн.

Сондай-ақ, дәрігердің ұсынысы бойынша серуендеу үшін таңертеңгі 10-ға дейінгі және күндізгі 17:00-ден кейінгі қауіпсіз уақытты таңдаған дұрыс. Күннің қатты ыситын кезеңі — сағат 11:00-17:00 аралығы. Егер осы кезеңде көшеге шығу қажет болса, онда жолдың көлеңке жағымен жүрген дұрыс. Ашық жерде екі сағаттан артық жүрер болса адам басынан күн өтіп кетуі мүмкін.

«Мұндай кезде адамда жүрек айну, бас айналу және жүрек соғуының жиілеуі мүмкін. Терісінің түсі бозарса, бұл – жылу соққысының, ал қызарса – күн өтіп кеткеннің белгісі. Егер мұндай белгілер пайда болса, көлеңке жерге немесе ғимарат ішіне кіріп демалып, мүмкіндігінше көп су ішу керек», — деп түсіндірді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, сусын таңдағанда қарапайым су немесе жеміс сусыны мен компот ішкен дұрыс екен. Ал шай ішетін болсаңыз, оны бөлме температурасына дейін салқындатқан дұрыс.

«Аптап ыстықта тамақты көп ішпеген дұрыс. Бірақ аш жүрмеу керек, ең дұрысы әр екі-үш сағат сайын жақсы тамақтану қажет. Тамақ ыстық емес әрі жеңіл болуы керек. Ет пен балықтың майсыз түрі, салқындатылған сорпа, көкөніс пен жеміс жеуге болады. Қуырылған тағамдар мен алкогольден аулақ болып, сондай-ақ қою шай, кофе, әсіресе газдалған тәтті сусындарды қолданбаған абзал», — дейді Наргиз Русланқызы.

Қорытындылай келе дәрігерлер бөлмені жиі желдетіп, күн қатты ысыған кезде терезелерді қалың матамен жауып қоюды кеңес етті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109