1690

Дәрігерлер аллеясы: Елорданың сол жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік көрінісі

Осы жазда елорданың сол жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік – дәрігерлер аллеясы ашылды. Оның аумағы 11 га құрайды, мұнда тыныш және жайлы демалыс орындары, сондай-ақ пандемиямен күресте алдыңғы қатарда күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне арналған «Алтын жүрек» мемориалы орналасқан, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігерлер аллеясы елорданың Есіл ауданында Сығанақ, Түркістан, Ақмешіт және Алматы көшелерінің бойында орналасқан.

«Дәрігерлер аллеясы Нұр-Сұлтан қаласының көгалдандырылған аумақтарының жоспарлы жүйесінің сәулеттік-көркемдік және рекреациялық шешімдерінің құрамдас бөлігі болып саналады. Оның құрылысы халықтың серуендеуіне қосымша мүмкіндік берді. Аллея аумағын таңдау Нұр-Сұлтан қаласы ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына енгізілген қала құрылысы идеяларымен негізделген, бұл нысан жасыл желектер жүйесін қоса алғанда қаланың оңтүстік бөлігін қамтып тұр: Есіл өзенінің бойындағы саябақ, саябақ аймағы бар Ботаникалық бақ, EXPO-2017 көрме кешені аумағының жасыл аймақтары», — деп хабарлады Есіл ауданының әкімдігі.

Аллеяның екі негізгі кіреберісі бар – салынып жатқан Әбу Даби Плаза кешені мен Алматы көшесі жағында.

Саябақтың орталық бөлігінде жаяу жүргіншілерге арналған серуендеу және екі орталық кіреберісті қосатын сопақша пішінді роликті коньки тебу жолағы бар. Негізгі жаяу жүргіншілер жолынан тармақталатын жолдар Ақмешіт және Түркістан көшелеріне шығатын жерлерге апарады.

Аллеяның орталық бөлігінде көптеген орындықтар мен жасыл желектері бар тыныш демалыс аймағы орналасқан, оның бойында жаяу жүргіншілер мен сырғанауға арналған серуен жолағы бар. Мұнда медицина қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан «Алтын жүрек» мемориалы да орналасқан.

Айта кету керек, қала тұрғындарының денсаулығы мен өмірі үшін күн сайын күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс ретінде қоғамдық кеңістікті Дәрігерлер аллеясы деп атау идеясын Президент ұсынды.

Орталық сопақшаның сыртқы жағында белсенді демалыс аймақтары орналасқан. Мұнда лабиринттері бар балалар алаңдары, спорттық тренажерлер, скейт-парк, ашық амфитеатр, көше музыканттары мен суретшілерінің орындары, шахмат ойындары, арқан паркі, сондай-ақ жалпы ұзындығы 2,2 км веложол бар.

Орталық кіреберістердің екі жағы құрғақ субұрқақтармен безендірілген. Дәрігерлер аллеясы әлемнің үздік стандарттарына сай салынған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109