1549

МИБ-ті әр үй не үшін құруы керек?

Үйді басқарудың жаңа формасы – Мүлік иелерінің бірлестігі өзгелеріне қарағанда бірқатар артықшылыққа ие. Бірінші кезекте бұл көппәтерлі үйлердегі ортақ мүлікті пайдалануға бөгде ұйымдардың емес, меншік иелерінің өздері жауап беретіндігімен ерекше, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

МИБ басқару формасы пәтер иелеріне үйді басқару, бөлінетін қаражат сомасы және оны қандай қажеттіліктерге жұмсауы керектігін, қызмет жеткізушісін және оларды ұсыну жиілігін таңдауға мүмкіндік береді.

Тәжірибе жүзінде сыртқы ұйымдар көппәтерлі тұрғын үйлердегі жалпы үй мүлкін басқару және күтіп ұстау секілді міндеттерін тиісті деңгейде атқармайтынын көрсетті.

Меншік иелері өздері төлейтін 100% тарифтің ай сайын 30%-ы басқаруға, ал 70%-ы жалпы үй мүлкін пайдалану және ұстау қағидаты бойынша жұмсалатынын білуі тиіс.

ПИК пен өзге де ұйымдардың үйді күтіп ұстау жөніндегі міндеттерін орындамайтыны туралы шағым жиі-жиі қозғалады.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін үй иелері басқару формасын, атап айтқанда МИБ-ті таңдап, жиналыс өткізіп, оны тіркеуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, ортақ мүліктің сақталуы мен қызмет көрсету сапасы үшін меншік иелері арнайы жауапты болады.

Осыған қатысты толық ақпаратты Республика көшесі, 32 мекенжайында орналасқан МИБ орталығынан алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109