1457

Нұр-Сұлтанда жасыл желектер аптап ыстықтан қалай қорғалады

Нұр-Сұлтанда шілде айы аптап ыстықпен басталды. Синоптиктердің айтуынша әлі бірнеше күнге созылады. Осыған орай елорда әкімдігі қаладағы ағаштар, бұталар, көгалдар мен гүлзарларды суару бойынша арнайы топтарды жұмылдырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның ресми сайты.

«Ауа райы күрт ысып, температура 36 және одан жоғары градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты көше-жол желісін қарқынды жуу туралы шешім қабылданды», — деді «Астана-Зеленстрой» ЖШС ресми өкілі Рүстем Нұрсағитов.

Елорданың төрт ауданында ондаған арнайы техника күндіз-түні екі ауысыммен жұмыс істейді. Түнгі суару жұмыстары күн сайын кешкі 7-ден таңғы 5-ке дейін жүргізіледі.

Қалалық коммуналдық қызметтер жасыл желектерден бөлек, жолға, тротуарларға, аулалар мен автотұрақтарға су себумен де айналысады.

Суару уақыты судың аз буланатын, сондай-ақ арнайы техниканың көлік қозғалысына кедергі келтірмейтін уақытына сәйкес келеді.

Айта кету керек, саябақтарда, гүлзарларда және қаланың басқа да қоғамдық кеңістіктерінде ағаштар мен жасыл желектерді суару автоматты жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109