2471

Домбыра күні: Алтай Көлгінов қала тұрғындарына ерекше челлендж жолдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сазгер Ренат Гайсинмен бірге «Ерке сылқым» күйін орындады. Елорда әкімі ұлттық күйлерді орындап қала тұрғындарын челленджге қатысуға шақырды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Алтай Көлгіновтің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Домбыра — музыкалық мәдениетіміздің басты символы. Халқымыз салт-дәстүріміз бен мәдени құндылықтарымызды, қуанышы мен қайғысын қара домбыраның шанағынан төгілген үн арқылы жеткізіп отырған.

Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова секілді өзге де композиторлардың күйлері жадымызда мәңгі сақталмақ. Олардың туындылары ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Елбасы атап өткендей, домбыра — қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі.

Бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған концертте Мемлекет басшысы домбыра әуені еліміздің барлық этностарын біріктіріп, рухани бірлікке жетелейтінін атап өтті.

Жан-жақты дамуымыз өте маңызды. Жастарымыздың ұлттық аспапта ойнауға деген қызығушылығы мен ерекше ықыласы қуантады. 

Сазгер Ренат Гайсинмен бірге белгілі композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындадық. 

Елорда тұрғындары мен өз әріптестерімді челленджге белсене қатысуға шақырамын! Ұлттық күйлерімізді орындайық!» — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109