1901

Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды

Елорда күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды! «Құтқарушылар саябағының» аумағы балалар мен ересектерге арналған аймақтарға бөлінген, кедергі жолақтарын қоса алғанда экстрим-спортын қолдау үшін түрлі жастағы санаттарға арналған паркур-алаң орналасқан. Сол сияқты қала тұрғындарына арналған тыныш демалыс аймағы бар және азаматтық қорғау қызметінің үздіктеріне арналған құрмет тақтасы орнатылған. Ал көпір жағында «Public art» суреттелген. Сондай-ақ, аумақта 1964 жылы шыққан АЦ-30 МАЗ 205 арнайы өрт сөндіру машинасы орнатылған. Айта кетейік, бұл көлік Елбасы жайлы түсірілген фильмде көрсетілген.

Құтқаршылар саябағы А. Янушкевич пен А. Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан. Саябақ өрт сөндіруші-құтқарушылар, сондай-ақ міндетін орындау кезде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне абаттандырылған. Бүгінгі заманның батырлары — құтқарушылардың жұмысы қашанда ерлікке толы. 

«Аталған қоғамдық кеңістік аумағында 150-ге жуық ағаш отырғызылды. Аумақ әлі де жетілдіріліп, толықтырылатын болады. Бізге қала тұрғындары бос уақытын денсаулығына пайдалы етіп өткізетін орындар құру маңызды. Биыл біз 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саламыз. Жалпы алғанда, 70-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістіктің жұмысы аяқталып, ашылғалы тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Былтыр Нұр-Сұлтанда 76 гектар аумақ абаттандырылған. Бұл 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар). 

Бүгін «Құтқарушылар саябағының» ашылу салтанатына елорда әкімі Алтай Көлгінов, ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин, ТЖ департаменті елордалық гарнизонының басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, өрт сөндіру кезінде қаза тапқан батырлардың туыстары және т.б. қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр бұл маңайда көпір асты кеңістігі (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) абаттандырылған болатын. Мұнда скейт-алаң, баскетбол алаңы, workout-аумағы, т.б. бар.

Фото: Александр Куприенко 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109