1212

«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы анықталды

Нұр-Сұлтан қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы  жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен Х «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Турнир Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне және халықаралық аренадағы беделін көтеру мақсатында өткізілді.  

Турнирдің құрметті қонағы ретінде Қазақстан Республикасы Президенті   Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі  А.Райымқұлова және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов қатысып, балуандарға сәттілік тіледі!

Оныншы рет өткен бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 36 үздік балуан қатысты, оның ішінде күштік құрылымдар арасында өткен «Әскер Барысы» турнирінің жеңімпаздары да бар. Қатысушы балуандардың 11-жобада тұғыш рет бақ сынады. Балуандар Qazaq kuresi Ассоциациясы бекіткен ережеге сай күресті. 

Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Е.Қажыбаев 155 келі болса, ең жеңіл салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров 90 келі болды. Ақтық белдесуде Шығыс Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының балуаны кездесіп, бабы мен бағы тең түскен Дәурен Нұралинов (ШҚО)«Қазақстан Барысы» атанды. Ал күміс белбеуді Ғалымжан Қырықбай иеленсе, қола белбеуді маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов жеңіп алды. 

Шара аясында спорттық сайыстармен қатар Р.Стамғазиев, Қ.Рахым,«Алатау серілері» этно-тобы ән шырқап, тікелей эфирде ұлттық күрес жанкүйерлерінің көңілін көтерді.

Турнирді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі,«Nur Otan» партиясы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Qazaq kuresi Ассоциациясы және «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоры ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ мен «Magnum» Қазақстандағы №1 сауда-бөлшек желісі демеушілік жасады. 

Оныншы Барысқа 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «тайтұяқты» Qazaq kuresi ассоциациясы бірінші вице-президенті Самат Әбіш табыстады. 

Екінші орын иегері Жамбыл  облысының балуанына 5 500 000 теңге және күміс белбеу берілді. 

Үшінші орын алған Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов 1 800 000 теңге алып, сәйкесінше қола белбеумен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109