3943

Бетперде тақпайды, түн ортасынан кейін жұмыс істейді: Нұр-Сұлтанда карантин бұзған тағы 9 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өткен тәулікте, яғни 4 шілдеде елорданың мониторингтік топтары 8 кәсіпкерлік нысанында карантин режимінің бұзылуын анықтады. Мекемелерде маска режимі, әлеуметтік қашықтық сақталмаған, сонымен қатар олар түн ортасынан кейін келушілерді қабылдауын жалғастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кәсіпкерлік нысандары арасында карантин режимінің сақталуын тексеретін мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Елордада бірқатар мекеме қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында енгізілген шектеулерді, санитарлық нормаларды елемей отыр. Кәсіпкерлер тарапынан да, қала тұрғындары тарапынан да осындай немқұрайлы қарым-қатынас қауіпті вирусты жұқтыру көрсеткішінің өсуіне алып келеді.

Мәселен, өткен тәулікте, 4 шілдеде карантин талаптарын бұзған 4 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы ауданындағы "Aqua club", "King" сауналары мен "Панаехали" бары белгіленген жұмыс режимін сақтамады. 

Сарыарқа ауданында орналасқан "Кега" және "Астана Рок" кафелері түн ортасынан кейін жұмысын жалғастырған. Сонымен қатар, тексеріс кезінде олардың әрқайсысында 40 адамға дейін келуші болды.

Осыған ұқсас жағдай Есіл ауданындағы 4 қоғамдық тамақтану орнында да анық алды: "Кабера" ресто-бары, "Панаехали", "Fish bar" барлары және "Monto Brianco" мейрамханасы. Аталмыш мекемелердің қызметкерлері маска режимін де сақтамаған.

Карантин талаптарын бұзған мекемелерге қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. КВИ инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Осыны ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109