1548

Елордалық автопарк ұжымы COVID-19-ға қарсы 100% вакцинациядан өтті

№3 автобус паркінің қызметкерлері толығымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Автопарк қызметкерлерін жұмыс орындарында вакцинациялауды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған көшпелі бригада жүргізді. Екпе алғысы келетін адамдар үшін қабылдау кестесі бар жеке егу кабинеті ашылды.

Дәрігерлер қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден өткізіп, вакцинаны енгізу алгоритмін түсіндірді. Айта кету керек, автобус паркінің ұжымы 100% вакцинациядан өтті.

«Әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы екпе алдық. Вакцинациядан кейін мен жағымсыз белгілерді сезінген жоқпын, яғни басым айналу немесе жүрегім айну секілді кері әсерлері болған жоқ. Өзімді жақсы сезінемін. Вакцина алу туралы шешім қабылдадым, өйткені жұртпен үнемі тығыз байланыста жұмыс істеймін. Науқастар қатарында болғаннан гөрі, екпе алғандар қатарында болған әлдеқайда жақсырақ деп есептеймін. Барлық қазақстандықтарды ел игілігі үшін вакцинациядан өтуге шақырамын», — деді №3 автобус паркінің директоры Нұрбол Ысқақов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда вакцинация және ұжымдық иммунитет коронавирустың таралуын болдырмаудың және жалпы пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі болып саналады. Оны дамыту үшін ересек адамдардың кемінде 60%-ын вакцинациялау қажет.

Нұр-Сұлтанда 5 шілдедегі жағдай бойынша КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 250 мыңнан астам адам алды, ал 158 мыңға жуық адам толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109