1382

Нұр-Сұлтан қаласында бәйге түрлерінен «Елбасы кубогы» өтті

Бүгін «Қазанат» атшабарында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бәйге түрлерінен дәстүрлі «Елбасы кубогы» жарысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 150-ге жуық сәйгүлік қатысты.

Шабандоздар бәйгенің мына түрлерінен бақ сынады:

Аламан бәйге – 25 шақырым;

Қостанай тұқымды жылқы бәйге – 23 шақырым;

Кіші аламан (топ) бәйге – 16 шақырым;

Құнан бәйге – 9 шақырым;

Ұшқыр аттар жырысы – 1400 м, 2400 м.

Бәйгенің салтанатты ашылу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қатысып, шабандоздарға сәттілік тіледі.

Бәйге жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Бәйге түрлерінен дәстүрлі Елбасы кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

"Құнан" бәйге бойынша бірінші орынды Бекнұр Жоабек жеңіп алды, екінші және үшінші орындарды Жақсылық Абылайхан мен Елнұр Медетбеков еншіледі.

"Кіші аламан" бәйгеде Жақсылық Серікжан 1-орынды қанжығасына байласа, Байқам Асанқұлов 2-орынды, Хакимбек Қожақов 3-орынды иеленді.

"Қостанай тұқымды" жылқылардың бәйгесінде Матвей Ватисовтың тұлпары өзгелерден оза шапты. 2-орынды Халид Абдырахмановтың, ал 3-орынды Нұрислам Ораздың сәйгүліктері жеңіп алды.

"Аламан" бәйгеде Байқан Асанқұлов бірінші болып келді. Нұраит Нұрбай екінші, Ершат Омарғалиев үшінші орынға жайғасты. Ал төртінші орын Нұрлы Шынтасқа бұйырды.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бәйге түрлерінен дәстүрлі «Елбасы кубогы» жарысы санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып өтті

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109