1716

Мұғалімдер күніне орай елордалық оқытушыларға пәтер кілттері табысталады

Астанада Мұғалімдер күні мерекесіне орай 7 оқытушыға пәтер кілті табысталады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Білім басқармасынан хабарлады. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы ауданынан 4, Сарыарқа ауданынан 2 және Есіл ауданынан 1 оқытушыға пәтер беріледі.

Астанада Мұғалімдер күні мерекесіне орай 7 оқытушыға пәтер кілті табысталады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Білім басқармасынан хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы ауданынан 4, Сарыарқа ауданынан 2 және Есіл ауданынан 1 оқытушыға пәтер беріледі.

Бүгін Мұғалімдер күні қарсаңында Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында екі оқытушыға пәтер кілті табысталады. Сонымен қатар, Астана қаласының үздік білім мекемесіне «Жыл көшбасшысы» сертификаты беріледі. Аудан әкімі Ермағанбет Бөлекбаев мектеп директорларына естелік сыйлықтар тарту етеді. 

Алматы ауданының 4 оқытушысына пәтер кілттерін табыс ету рәсімі ертең сағат 14.30 Тәуелсіздік 7 мекенжайы бойынша аудан әкімі аппаратында өтеді. 

Есіл ауданында пәтер кілттерін табыс ету салтанаты 3 қазанда сағат 12.00 «Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында Қабанбай батыр, 33 үй мекенжайы бойынша өтеді. 

Еске салайық, 4 қазанда сағат 16.00 Конгресс Холл сарайында астаналық педагогтарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бұл күні үздік білім мекемелеріне гранттар бөлінеді. Марапаттау «Үздік бала бақша-2013», «Үздік мектеп -2013», «Үздік қосымша білім беру мекемесі-2013», «Үздік колледж-2013», «Үздік арнайы білім мекемесі - 2013», «Жыл оқытушысы-2013» аталымдары бойынша жүргізіледі.

Бұдан басқа, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Лаки Кесоглу, Бауыржан Исаев, Нұрлан Абдуллин, Ринат Малцагов, Альбина Оганесян, Марина Бисеханова, Володя Ким, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, «Астана Опера» МОБТ және Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109